Сапар Қайратұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox Biography Ахметов Сапар Қайратұлы - 1965 жылы 27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданында туған. Қазақ.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1990) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Еуразия гуманитарлық институтын (2001) экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Саяси ғылымдардың кандидаты.

Қазақ, орысжәне ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

1984-1986 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1990 жылдың тамызынан - «Петропавл ауыл құрылысы» №5 Марьев жылжымалы механикаландырылған колонна жұмыстарының 2-ші разрядты тас қалаушысы, 1990 жылдың қыркүйегінен - шебері, 1991 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін - аға өндірушісі (Петропавл) 1993-1996 жылдары - «Ғимарат» өндірістік коммерциялық фирмасының коммерциялық директоры (Петропавл). 1997 жылдың қаңтарынан - Ақмола ЕЭА әкімшілік кеңесінің ғылыми-техникалық даму және аумақтық құрылыс пен байланыс бөлімінің 1-ші санатты маманы. 1997 жылдың мамырынан - «Ақмола-Жылжымайтын мүлік» күрделі құрылыс басқармасыныңтехникалық бақылаушы инженері. 1998 жылдың қаңтарынан - Астана қаласы әкімі аппараты экономикалық реформалар бөлімінің жетекші маманы, 1998 жылдың ақпанынан - бас маманы, кеңес берушісі. 1998 жылдың қыркүйегінен - Астана қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі. 1999 жылдан - Астана қаласы әкімі аппараты туризмді және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылдан - экономикалық талдау және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылдың сәуірінен - Астана Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы, 2002 жылдың мамырынан - төрағасы. 2002 жылдың қарашасынан - Астана Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, 2004 жылдан - әкімі. 2007 жылдан - Астана қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.

2008 жылдың сәуірінен бері - Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі.

«Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub