Сапарғали Омарбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сапарғали Омарбекұлы(15.1.1927, Қызылорда қаласы – 10.1.2003, Алматы қаласы) – филолология ғылымының докторы (1988).

Оқу жолы

ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын (1959) бітірген.

Жұмыс жолы

Қазақстан Ғылым Академиясы «Хабаршысы» (1959–1961) мен «Хабарларының» (1961–1967) жауапты хатшысы, Қазақстан Ғылым Академиясының қазіргі Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер (1961–1963), ғалым-хатшы (1963–1967), кіші (1967–1972), аға (1973–1988), жетекші (1989–1991), бас (1991–1993) ғылыми қызметкер, «Қайнар» университетінің профессор (1999–2003) қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері

  • «Қазақ диалектілерінің консонантизмін ареалдық тұрғыда тектес тілдермен салыстыра зерттеу» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
  • Оның ғылыми еңбектері негізінен қазақ тілін салыстырмалы тарихи және лингвистикалық география тұрғысынан зерттеу мәселесіне арналған.
  • 230-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары:

  • Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. А., 1965;
  • Қазақ тілінің диалектологиялык сөздігі. А., 1969 (құрастырушылардың бірі);
  • Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А., 1969 (авторлардың бірі);
  • Халықтык, тіліміздегі тектес тіпдер мен ортақ құбылыстар. А., 1978;
  • Ауызекі тіліміздің дыбыс жуйесі. А., 1985 (авторлардың бірі);
  • География фонетичес- ких различий казахской речи. А., 1992;
  • Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. 1-кітап, 1996 (құрастырушылардың бірі).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер </span>

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}