Сапарғалиев Махмұд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Сапарғалиев Махмұд — мемлекет қайраткері, ғалым.

Өмірбаяны

1929 жылы Орда орта мектебін, 1930 жылы РКФСР Халық ағарту халкомының 1 жылдық курсын бітірген. 1930-1936 жылы Орал облысының оқу бөлімінде инспектор әрі мед. техникумында оқытушы, облыстық жер басқармасы бастығының орынбасары, облыстық атқару комитетінің бөлім бастығы. Кейін Ембі мұнай кәсіпшілігін, Мақат аудандық партия комитетін (қаз. Атырау облысы) басқарған.

Содан соң республикалық жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары (1944), Сауда министрі (1945-1953) қызметін атқарған. 1945 жылы заң ғылыми кандидаты диссертацияны қорғап, ғылым академиясының заң бөлімінің бастығы.

«Қазақ ҚСР тарихын» шығаруға атсалысқан. 1955-1959 жылы Жамбыл облысының атқару комитетінің төрағасы, кейін Жамбыл облысының комитетінің 1-хатшысы, 1959-1965 жылы Қазақ КСР Ішкі істер министрі. Сапарғалиев Махмұд өмірінің соңғы жылдары ҚР FA-ның сектор бастығы, Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері болды. 2 мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сапарғалиев Махмұд|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}