Сандықтаудағы тұрғын үй

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сандықтаудағы тұрғын үйсәулет өнерінің ескерткіші. Ақмола облысының Балкашин ауданында орналасқан. 19 ғасырдың аяғында салынған (сәулетшісі белгісіз). Құрылыста орыс үйін елестететін ежелгі сәулет өнері стилі айқын сақталған. Ғимараттың сыртқы пішіні оюлы ағаш әшекейлерінің молдығымен ерекшеленеді. Алдыңғы бетінің негізгі әшекейі — орыс әйелінің шошақша бас киімі тәрізді етіп салынып, оған ұршық пен күннің бейнесі ойылып түсірілген. Оюдың геометриялық суреті және сәндік үлгілері Ресейдің солтүстік аудандарындағы ағаш сәулет өнерімен ұқсастығын аңғартады. Ернеуді көтеріп тұрған желпуіш тәрізді бұрыштықтар да оюмен әшекейленген. Сандықтаудағы тұрғын үй республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынған. 1958 жылдан ғимарат Сандықтау орта мектебінің оқушылар үйі болып саналады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}