Самышина Надежда Николаевна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Самышина Надежда Николаевна (30.9.1903, Баку — 21.3.1994, Алматы) — әнші (лирикалы-колоратуралық сопрано), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947). 1930 жылы Баку консерваториясын (профессор Н.И. Сперанскийдің класы бойынша) бітірді. Алғашқы еңбек жолын аталмыш консерваторияда оқып жүрген жылдары (192830) ассистент болудан бастаған. Ол 193238 жылдан Ресей қалаларының (қазіргі Самара, Иваново, Ярославль, Пермь, Саратов) опера және балет театры құрамында, ал 1938 жылдан Алматыда Қазақтың мемлекеттік академемиясында опера және балет театрында (193857) соло-әнші болып қызмет етті. Осы театр сахнасында қойылған орыс және батыс Еуропа композиторлардың классик. операларында негізгі кейіпкерлердің сахналық бітім-болмысын өзіне тән әсем лирик. даусымен әдемі кестеледі. Осындай опералық партиялар қатарында Антонина (Д.Б. Кабалевский “Тарастың отбасы”), Маро (З.П. Палиашвили “Даиси”), Татьяна (П.И. Чайковский “Евгений Онегин”), Антонида, Людмила (М.И. Глинка “Иван Сусанин” және “Руслан мен Людмила”), Қарлы ханым (Н.А. Римский-Корсаковтың осы аттас операсы), Маргарита (Ш.Гуно “Фауст”), Лакме, Чио-Чио-сан (Л.Делибтің және Дж.Пуччинидің осы аттас опералары), Дездемона, Джильда, Виолетта (Дж.Верди “Отелло”, “Риголетто” мен “Травиата”), т.б. бар. 1948 жылдан Алматы музыка училищесінде, ал 195264 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында пед. қызметпен (1960 жылдан доцент) шұғылданды. Шәкірттері — А.Байқадамова, Б.Төлегенова, Н.Нүсіпжан, Н.Шәріпова, В.И. Финогенова, Н.Д. Юмашева, т.б. “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}