Самат Көшенұлы Өтениязов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Самат Көшенұлы Өтениязов (1950 жыл, Түрікменстан, Ташховуз облысы Көне Үргеніш қаласы) – тарихшы, тарих ғылым кандидаты, Мадрид университетінің профессоры. (2001).
Өмірбаяны
- И.И. Мечников атындағы Одесса мемлекеттік университетінің роман-герман филологиясы факультетінің испан тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген (1979).
- 1981 – жылдан Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аға ғылым қызметкері
- Кубаның Қазақстандағы елшілігінде қызметкер
- Қазақ академиялық университетінде шет тілдер факультетінің деканы
- Қазақстан әлем тілдері мен халықаралық қатынастар университетінің роман-герман филологиясы кафедрасының профессоры.
- Лондондағы (Англия) «CENTRAL ASІA NEWS FІLE» журналының Орта Азия мен Қазақстан бойынша корреспонденті, тағы басқа қызметтер атқарды.
Негізгі аудармалары:
Ол Қазақстандағы белгілі испан тілінің аудармашысы. Испания мен Латын Америкасы жазушыларының еңбектерін испан тілінен қазақ тіліне аударған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>
- Л.Д. Дэлано (Чили)
- База (роман) (1984)
- Р.Гальегос (Венесуэла)
- Доньа Барбара (роман) (1986)
- Кастилия мен Леон жұмбақтары (1997).
Шығармалары
Ө. Жалаңтөс, Есет Көтібаров, Төле би, Маңғыстау тарихына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, еңбектері ғылыми басылымдарда жарық көрген.
- Шоқанмен қайта кездесу, А., 1990;
- Шоқан өскен орта, А., 1995;
- Аттила, А., 2000;
- Ш.Уәлиханов, А., 2005;
- Әбілқайыр хан, А., 2007<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>