Самар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әкімшілік бірлік

Сурет:Panapukan beach.jpg
Самар аралындағы Панапукан

Самар (вар. Samar, Үлгі:Coord) — Филиппин архипелагының орталығында орналасқан аралдардың бірі.

Жері - 12849,4 кm².
Көп бөлігінің орташа биіктігі таулар мен қыраттар (биікт. 850 м) алып жатыр.
Жағалауы жазық, қатты тілімделген, шығанақтар мен қойнаулары көп.
Климаты тропиктік, жылдық жауын-шашын мөлшері 2500-3500 мм.
Мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Кокос пальмасы, абака, ананас т.б. өседі.
Кемірушілердің Филиппин архипелагына ғана тән бірнеше түрлері мекендеген.

Тарихы

Европалықтар үшін аралды испан теңізшісі Руи Лопес де Виллалобос (Ruy López de Villalobos) 1543 жылы ашты.

Халқы

Ең ірі қаласы - Калбайог (вар. Calbayog). Аралда үш аймақтан құралады - Самар (733 377 тұр.), Солтүстік Самар (589 013 тұр.) және Шығыс Самар (428 877 тұр.). 2010 ж. мәліметі бойынша осы үш аймақтың тұрғындарының жалпы саны - 1 751 267 адам[2], көбісі — висайя.

Экономика

Тамақ өнеркәсібі, кен қазушы өнеркәсіп, ағаш өнеркәсібі орындары жұмыс істейді.

Халық жер шаруашылығымен (күріш, маис, банан, цитрус, манго, кофе, какао, абака, қантты құрақ өсіру), мал шаруашылығымен (енеке, бұқа, ешкі, шошқа, тауық, үйрек өсіру), балық аулаумен айналысады.

Жергілікті халықтың арасында темір және ағаш ұсталық қолөнері, қыш-құмыра кәсіпшілігі, ротанг пен бамбуктан тоқу, әшекей бұйымдар жасау кең дамыған.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998