Салғара Жанкісіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Салғара Жанкісіұлы (1758 жыл, Ащылы-Тұщылы қонысы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Преснов ауылы - 1859 жыл, Преснов станциясынан 6 км жердегі Марқаш көлінің жағасындағы Жалағаш қонысы) — ақын, композитор, ұлт-азаттық қозғалысының батыры. Атақты батыр әрі жырау Жанкісі Көшекұлының ұлы. Қожабергеннің Асқап медресесінде, содан кейін Үргеніш қаласындағы медреседе оқыған. Оқуын бітірген соң мешіт имамы және медресе оқытушысы болып жұмыс істеген. 18-ғасырдың соңғы ширегінде басқа жақтан келгендердің басып кіруіне қарсы соғысқа белсене қатысқан.

Шығармалары

Салғара жас серілерден құралған топты басқарған. Өз әндерін қобыздың сүйемелдеуімен, ал күйлерін сыбызғымен орныдаған. 1782 ж. Салғара атақты "Жиырма бес" өлеңін шығарған. Ол «Жүсіп-Зылиха», «Бозжігіт», «Қасым Жомарт», «Сәйфүлмәлік-Бәдигүлжамал», «Иранғайып», «Шәкір-Шакрат» дастандарының , «Кү астындағы Күнікей қыз» бен «Керкұла атты Кендебай» қазақ ертегілері желісіне құрылған өз нұсқасын жазған. Салғара «Күйік шаһар», «Шатыра соғысы», «Үш төре», «Бала зары», «Көшкен жұрт» өлеңдері, «Қызыл бидай», «Тобылғы сай», «Алай көк». «Шалқыма», «Ахау-айым», «Еркем-ай», «Тоқсан бес», «Мұнанай» әндерін, «Бәйбіше», «Боз тұлпар» күйлерін , т.б. шығарған<ref>Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы, Арыс баспасы, Алматы, 2006</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер