Салыстырмалы мөлдірлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Салыстырмалы мөлдірлік<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref> - суқойманың беткі қабаты суының мөлдірлігінің жанама сипаттамасы. Оның шамасы (метрге шаққанда) диаметрі 30 см, кеменің көлеңке жағынан батырылған ақ дискінің көзге көрінімділігіне қарай су қабатының қалыңдығымен өлшенеді.

Судың салыстырмалы мөлдірлігінің өлшенген шамасы (SD), әдетте, 1—2%-га дейінгі дәлдікпен жазылады. Мұндай өлшеу кезінде күннің биіктігіне, су бетінің жай-күйіне және өлшеушінің көзінің қарақтылығына қарай азды-көпті қателік болуы мүмкін. Дегенмен, барлық мұхиттық және лимнологиялық далалық зерттеулерде екі жүз жылдай уақыт ішінде жинақталған орасан мол мәліметтер гидросфераның әр түрлі объектілерінің мөлдірлігіндегі айырмашылыктарды, әр алуан сукоймалардағы тәуліктік, маусымдық, жылдық ауытқуларды, судың оптикалық қасиеттері мен тазалығына ластанудың әр түрлі нысандарының ықпалын, суқоймалардың антропогендік эвтрофтануының әсерін білуге мүмкіндік береді. SD шамасына карай эмпириялық формулалар арқылы суқоймалардың фоттық қабатының қалыңдығы, жарық жұту коэффициенті және тіпті көлдердің трофикалық статусы туралы мәліметтер алынады, бұл көрсеткіштер көлдер мен суқоймаларындағы өнімділік-дейрукциялық процестердің қарқындылығын сипатгайды. Осы себепті су объектілерінің экологиялық жай-күйін бағалау үшін SD шамасы бүкіл дүниежүзінде кеңінен қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Салыстырмалы мөлдірлік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}