Салик
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Салик - сопылықта Хаққа ұласу, рухани кәмілдікке жету үшін сопылық жолға түскен адамды салик дейді. Сулук-(а) жолға түсу, жол жүру дегенді білдіреді. Бір шейхқа қол беріп, белгілі рухани психо-техникалық әдістермен Аллаһқа қарай бет алу, яғни кәмілдікке (кәміл адам) ұмтылудағы іштей рухани жолшылықты сулук дейді. Сулуктың нәтижесінде адам (құл) - Аллаһ махаббатына ұласады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
<references/>