Салар тілі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тілдер Салар тіліҚытайдың Цинхай және Ганьсу провинцияларында шоғырланған салар халқының тілі. ҚХР-дағы Цинхай провинциясының Сюнхуа-Салар автономиялы уезінде түратын түркі ұлысының тілі. Біраз салар Құлжада да тұрады. Саларлардың саны 90 мыңнан астам, солардың 70 мыңы саларша, қалғандары қытайша сөйлейді. Ұзақ уақыт Қытай, Тибет, моңғол тілдес халықтардың қоршауында болғандықтан, сол тілдерден салар тіліне көп сөз ауысқан.

Саларлар қазір тұрып жатқан жерлеріне 14 ғасырда қазіргі Өзбекстан жерінен көшіп келген (салар аңызы бойынша). Салар тілі оғыз тілдеріне жақынырақ, бірақ қазір басқа тілдердің (тибет, қытай, т.б.) ықпалына ұшыраған.

Салар әліпбиі

А а B b C c Ç ç D d Е е F f G g
Ğ ğ H h I ı İ i J j K k L l M m
N n Ñ ñ O o Ö ö Р р Q q R r S s
Ş ş T t U u Ü ü V v X x Y y Z z

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Алтай тілдері Үлгі:Түркі тілдері Үлгі:Turkic topics

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Lang-stub