Сай-Өтес эксперименті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сай-Өтес эксперименті (ресми емес атауы Маңғышлақ) – кеңес үкіметінің өндірістік мақсаттағы термоядролық жарылыстары (мақсаты шөлейт, құрғақ жерлерде су қорын жинауға арналған үлкен ойық жасау болатын) болып табылады.


Эксперимент 1969-1970 жылдары жүргізілген және бірнеше жерасты жарылыстары болған. Құжаттар бойынша, экспериментті атқару Орташа машинажасау министрлігіне жүктеліп, Сай-Өтес ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 100-115 шақырым жерден (қазіргі Маңғыстау облысы) эксперимент өткізуге орын бөлінген<ref name="Strategy Soil displacement">Үлгі:Cite web</ref>

Осы жобаның аясында үш сынақ өткізілген. Екі жарылыстың нәтижесінде эксперимент ішінара орындалып, жер беті аздап шұңқырайған<ref>И. А. Ахтамзян, Ядерный фактор в Центральной Азии, Южный фланг СНГ. Центральная Азия — Каспий — Кавказ: возможности и вызовы для России = The Cis Southern flank. Central Asia — Caspian — Caucasus: hrospects and challenges for Russia, М., Логос, 2003, isbn 5-94010-232-8, 201 бет</ref>. Бірақ эксперимент табысты болмады. Себебі жерастындағы тау жыныстары жарылған кезде бірақ үгітіліп кетпей, жиналған су кесек тастардың арасынан тоқтамай ағып кете берді<ref name="Yablokov">Үлгі:Cite web</ref>.

Сынақ саны Мерзімі мен Үлгі:Comment Сынақ өткізілген мекендер координаталары Шұңқыр тереңдігі Қуаттылық күші Түсініктемелер
№ 313 Сынақ
Үлгі:Comment
6 желтоқсан 1969 жыл
10:00
Скважина № 2Т
Үлгі:Coord
410 м 30 кт Орта-Бұлақ кен орнындағы апатты ликвидациялауға В. С. Лебедев пен В. А. Разуваевпен қолданылған заряд.
№ 329 Сынақ
Үлгі:Comment
12 желтоқсан 1970 жыл
10:00
Скважина № 6Т
Үлгі:Coord
740 м 80 кт Шұңқыр пайда болған жоқ.
№ 331 Сынақ
Үлгі:Comment
23 желтоқсан 1970 жыл
10:00
Скважина № 1Т
Үлгі:Coord
500 м 75 кт

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер