Сайрам шайқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайрам шайқасы – қазақ-жоңғар арасындағы 1684 жылы болған шайқас.Қазақ хандығында қалыптасқан ауыр жағдайды пайдаланып, 1681 жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошигт қалың қолменЖетісуға басып кіреді. Шу, Талас арқылыАрысқа жеткен жоңғарлар қазақ жасақтарын жеңіліске ұшыратып, Сайрам қамалын қоршады. Бірақ, Сайрам қамалы берілмейді. Жоңғар әскері қысқа қарай кері шегініп, Іленің жағасына кетіп, күш жинады. 1682 – 83 жылдары соғыс Сайрамның түбінде жүрді. Екі жақ бір-біріне алдырмады. Ақыры, 1684 жылы жазда Қалданның інісі Севан Рабдан Сайрамды басып алды. Жоңғарлар мыңдаған тұтқындарды, қисапсыз олжаны қолға түсірді. Сайрам шайқасынан кейін Жетісу өлкесі жоңғарлардың билігіне көшті. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сайрам шайқасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}