Сайлау туралы заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайлау туралы заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілік Сайлау құқығы нормаларын бұзғаны үшін — әкімшілік және қылмыстық заңдық, жауапкершіліктері тағайындалады. "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Конституциялық заңының 50-бабында тыйым салынған және жазалануға жататын іс-әрекеттер тізімі көрсетілген. Оған:

  • азаматтың өз сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергі келтірген іс-әрекет;
  • кандидаттар туралы керінеу жалған мөліметтер таратқан немесе олардың ар-намысына тиетін езге де жасалған іс-әрекеттер;
  • сайлау алдындағы үгітті сайлау күні не оның алдындағы күні жүргізген тұлғаның әрекеті;
  • сайлау комиссияларының жұмысына араласу және дауыс беруге кедергі келтіру, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге байланысты міндеттерді орындауға кедергі келтіру әрекеттері;
  • кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сайлауға қатысушы бақылаушылар мен өкілдердің заңды қызметтеріне кедергі келтіру әрекеттері жатқызылады.

Сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Сайлау комиссиясы мүшелерінің, мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалар — азаматтар мен шетелдіктердің қылмыстық жауапкершілігін жеке дара қарастырамыз. Сайлау комиссияларының мүшелері, мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктер мынадай іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады:

  • азаматтардың өз сайлау құқығын еркін жүзеге асыруға зорлық-зомбылык, қорқыту, сатып алу жолымен кедергі келтіргені үшін;
  • сайлау құжаттарын колдан жасау;
  • дауыстарды көрінеу қате санау;
  • дауыс берудің құпиялылығын бұзу;

"Сайлау туралы" Заңды басқа да өрескел бұзғандығы үшін. Жеке тұлғалар, сайлаушының өзінің сайлау құқығын еркін жүзеге асыруға кедергі келтірген жағдайда, сонымен қатар сайлау комиссиясының жұмысына заңсыз араласса, дауыс беруге кедергі келтірсе, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге байланысты міндеттерді орындауға кедергі келтірсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олар айыппұл салуға немесе жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 146-бап). Нақ сол әрекеттер пара беріп сатып алумен, алдаумен, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса, немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ұйымдасқан топ жасасса, сонымен қатар дауыс берудің электрондық жүйесінің белгіленген тәртібін бұзу арқылы жасалса, олар көпмөлшерде айыппұл төлеуге, немесе бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 146-бап). Заң сенім білдірілген тұлғаларға, сайлау комиссиясының мүшелеріне, сайлау құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу жалған есептеу, сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, немесе дауыс беру құпиясын бұзғаны үшін қылмыстык жауапкершілік тағайындайды. Мұндай әркеттер екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, немесе үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, немесе бұндай болмағанда үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Элекрондық сайлау жүйесі құрылымының белгіленген тәртібін бұзу арқылы жасалған осындай іс-әрекет жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 147-бап).

Сайлау заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 11 -тарауына "Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылығы" деп аталатын арнайы тарау енгізілген. Тұлғаның:

  • сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес қажетті мәліметтерді табыс етпеуі және жарияламауы;
  • өзінің өкілеттілігінің шегінде сайлау комиссиясы қабылдаған шешімдерді орындамауы;
  • кандидатты, саяси партиялар тізімі бойынша ұсынылатын саяси партияларды тіркегенге дейін немесе сайлау өтетін күні үгіт жүргізуі;
  • сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кедергілер келтіруі;
  • кандидаттар, саяси партиялар туралы керінеу жалған мәліметтер таратуы немесе олардың ар-намысы мен қадір- қасиетіне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасауы;
  • сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтарын бұзуы;
  • азаматтардың сайлаушылар тізімімен танысу құқықтарын бұзуы;
  • сайлаушылар тізімдерін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәлімет беруі;
  • басқа адамдар үшін дауыс беру мақсатымен азаматтарға сайлау бюллетеньдерін беруі;
  • сайлауға қатысу үшін демалыс бермегені үшін;
  • БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу талаптарын бұзуы;
  • анонимді үгіт материалдарын дайындауы және таратуы; үгіт материалдарын қасақана жоюы және зақымдауы;
  • кандидаттарға, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық көмек көрсетуі;
  • кандидатты сайлау үшін шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан қайырымдылық алуы; сайлауға байланысты коғамдық пікірге сұрау салу жүргізудің талаптарын бұзуы;
  • сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың, сенім білдірген адамдардың, БАҚ өкілдері мен бақылаушылардың занды қызметіне кедергі жасауы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Әкімшілік құқық бұзушылык туралы Кодекстің 99-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңдарымен сайлауға қатысты үгітке тыйым салынған кезде оны жүргізу — азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соқтырады. Сайлау комиссиясы мүшесінің, занда белгіленген адам құқықтарын бұзуы, кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, бақылаушылардың құқықтарын бұзуы айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соктырады. Сайлау туралы заң талаптары бұзылғандығы байқалған жағдайда сайлау комиссиясы сотқа немесе прокуратура органдарына шағымдануға құқылы. Кандидаттар мен саяси партиялардың "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарын бұзған жағдайда ескерту жасалады, ал мұндай құқық бұзушылық кайталанған жағдайда кандидатты немесе саяси партияны Tipкey туралы шетттімнен бас тарту жөнінде шешім шығарады.

Республика Конституциялық Кеңесінің Республика Президенті сайлауын өткізудің дұрыстығы жөніндегі мәселені қарауы

Конституциялық Кеңес Республика Президенті сайлауын өткізудің дұрыстығы жөнінде дау туған жағдайда сайлау өткізудің дұрыстығы жөніндегі мәселені шешеді. Мұндай іс-әрекет Конституциялық Кеңеске Президенттің, Сенат төрағасының, Мәжіліс төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-министрдің өтініші бойынша жүзеге асады. Мұндай өтініш сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейін он құн іттгінде берілуі мүмкін. Бұл ретте өтінішті қарау кезінде Президенттің қызметіне кірісуі тоқтатыла тұрады. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өткізу мен әзірлеуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске береді. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегі Президент сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті учаскелердегі сайлауды жарамсыз деп тану туралы және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде екі ай ішінде қайта дауыс беруді өткізу жөнінде шешім шығарады. Сонымен, сайлау заңнамаларын бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгіленген. Ол қылмыстык және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстык жауапкершілік айыппұл төлеу, түзету жұмыстары, қамау және бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі жауапкершілікке әкеп соқтырады. Әкімшілік жауапкершілікте айыппұл салынады. Сайлау туралы заңның талаптары бұзылғаны анықталғанда учаскелік сайлау комиссиясы сотқа немесе прокуратураға шағымдануға құқылы. Конституциялық Кеңес Республика Президенті сайлауын өткізудің дұрыстығы жәнінде дау туған жағдайда сайлаудың дұрыстығы жөніндегі мәселені карайды.<ref>“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}