Сайлау Батыршаұлы
Батыршаұлы Сайлау (5.1. 1942 ж.т., Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би а.) – экон. ғыл. докт. (1994), Төтенше және толық өкілетті дәрежедегі дипломат (1964). ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сің. қызметкері (2003). Ташкент мемл. ун-тін (1964) және КСРО Сыртқы істер мин-лігінің жоғары дипломатиялық мектебін (1969) бітірген. Қазақ достық қоғамының жауапты хатшысы (1964–1965), Қазақ КСР-і Сыртқы істер мин-лігінің 1-хатшысы (1965–1967), КСРО-ның Алжирдегі елшілігінің 3-хатшысы (1969–1971), респ. «Білім» қоғамының жауапты хатшысы (1972–1973), Алматы облысы партия к-тінің лекторы (1973–1978) және облысы партия к-тінің нұсқаушысы (1981–1983), КСРО-ның Конго Халық Республикасындағы елшілігінің 2-хатшысы (1978–81), Алматы театр-көркемсурет ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі (1983–89), Қазақ мемл. ун-тінде доцент (1989–1990), ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары (1990–1993), ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (1993–1994), ҚР Сыртқы істер мин-лігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі (1994), ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі (1994–1995), ҚР-ның Израильдағы елшілігінің кеңесшісі (1996–2002), ҚР Сыртқы істер мин-лігінің кеңесшісі (2002 жылдан) қызметтерін атқарады. «Основные направления и этапы индустриализации стран Северной Африки» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Африка елдерін индустрияландыру проблемалары» (1987), «Солтүстік Африка елдерінің экономикасын индустризациялау» (1994), «Дамушы елдердің өнеркәсібі» (1996) атты кітаптардың авторы.
Сілтеме
- http://www.enu.kz/kz/structure/sailay.php
- http://baq.kz/kaz/news/cat/4/3674/?PHPSESSID=f7a5423736320c112e9060beb1958751
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>