Сайлау Байбосын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Сайлау Байбосын (16 наурыз 1958 жыл, Әжі ауылы, Ақмола облысы) — жазушы, көсемсөзші, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халық әндерінің «Жастар дауысы» атты республикалық байқауының лауреаты (1987).

Өмірбаяны

Орта мектепті бітірген соң, туған ауылында жылқышы, жүргізуші болып еңбек еткен. Целиноград кооперативтік техникумын аяқтаған соң, біраз жыл сауда саласында қызмет істеген. 1987 жылдан бастап Ерейментау аудандық мәдениет бөлімінде, 1997 жылдан бастап Ерейментау қаласындағы Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде жас ақындар мектебінің жетекшісі, сондай-ақ, аудандық «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде әдеби қызметкер, редактор, 2006 жылдан бастап Ерейментаудағы аймақтық «Ереймен елі», «Инфо-Рейтинг» газеттерінің редакторы болып қызмет атқарған. Ақмола облысы «Арқа ажары» газетінің меншікті тілшісі болған<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009</ref>.

Шығармалары

Алғашқы өлеңдері 1986 жылы басылды. «Дат» атты өлеңдер жинағы (2001), «... деген екен Ерейменде» атты әзіл әңгімелер жинағы (2002), «Рух» атты өлеңдер жинағы (2007), «Ерейментау» тарихи-танымдық кітабы (2007) жарық көрген. «Мысли, афоризмы и шутки знаменитых мужчин» атты кітапты (Мәскеу, «Эксмо» баспасы, 2005) тәржімалаған.

Жетістіктері

1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған. Республикалық және облыстық деңгейдегі жыр мүшәйраларының, ақындар айтысының жүлдегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}