Сайидо Насафи Миробид

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайидо Насафи Миробид (т.ж. белгісіз,1707 немесе 1711 жылдары,Бұхара) – тәжік ақыны. Бұхарада оқып білім алды. Парсы-тэжік классикалық поэзиясындағы гуманистік дәстүрді дамыта отырып, бертінгі классикалық тәжік әдебиетіндегі демократиялық бағытты өркендетті. Сайидо Насафи поэхиясында ("Көктемгі әуендер" т.б.) бұқара халық мұңын жырлады, әлеуметтік теңсіздікті сынды. Ол– маснави, ғазел т.б. поэзия жанрларының шебері. Өлеңдерінің көркемдік түзілімі айшықты, тілі образды. Көптеген сөз тіркестері мақал-мәтел түрінде келеді. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер