Сайд Мақсұтұлы Баязитов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саид Баязитов (1929, Қызылорда облысы Сырдария ауданы-1981)- жазушы.

Ұлты татар болғанмен, шығармаларын қазақ тілінде жазды. 1953 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. 1953 — 1957 жылдары орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мүғалімі, 1957 — 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі, 1961 — 1963 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсының тыңдаушысы болған.

Еңбегі

  • 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан балаларға арналған «Күтпеген кездесу» деген алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді.
  • «Арал Робинзондары» (1956),
  • «Бала-қалам» (1959) әңгімелері,
  • 1960 жылы ересектерге арналған «Тюльпандар гүл шашқанда» әңгімелері,
  • «Хрусталь алқалар» (1965),
  • «Айдарлыдағы кездесу» (1967) атты повестері,
  • «Алтын кілт» әңгімелер жинағы (1976) шыққан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub