Сайдали Вализаде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сайдали Вализаде

Сайдали Вализаде (10. 10. 1900 жылы Тәжікстан) – тәжік совет ақыны. Тәжікстан ССР-інің еңбек сіңіргені әртісі (1945).

Еңбек жолы

Сайдали Вализаде шығармашылық жолын ауызша өлең шығарып, ән айтудан бастады.Ол алғашқы өлеңінде ("Езілген дихан", 1917) Бұхар әмірінің тәртібін сынады, Ол – тәжік тілінде Ленин туралы тұңғыш жазылған "Ленин – досымыз және көсеміміз" атты өлеңнің авторы. Көптеген шығармаларында жаңа өмір шындығын шабыттана жырға қосты ("Папаниндықтар" атты поэмасы т. б.)Сайдали Вализаденің туған ел үшін ерлікпен қаза тапқан тәжік солдаты туралы жазылған "Сайдқұл Тұрдыев" поэмасы Ұлы Отан соғысы кезінде көпшілікке кең таралды. Ол "Өлеңдер" (1949),"Өлеңдер мен поэмалар" (1965) т. б. жинақтарын шығарды. Сайдали Вализаде шыармаларында кездесетін фольклорлық әуен жазба әдебиет дәстүрімен берік үндестік тапқан. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы. </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер