Саз қалыптасу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саз қалыптасу (саз жинақталу). Әр түрлі фациялық жағдайларда саздардың түзілуін анықтайтын жалпылама процесс атауы. Платформалық алқаптардағы Саз қалыптасу процесі біршама баяу өтеді, алайда бұл жағдайда жақсы сұрыпталған және біртекті саз қабаттары қалыптасады; нақ осы саздар өндірістік тұрғыдан мейілінше құнды болып келеді. Геосинклиндерде және олардың платформаларға ауысу белдемдерінде түзілген саздар нашар сұрыпталған күйде үшырасады, мұндай саздар құрылым дамуының келесі сатыларында диагенезге ұшырап қана қоймай, метаморфтық өзгерістерге де ұшырайды, сөйтіп олар сазтастарға, тіпті сазды тақтатастарға айналады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}