Сазды тақтатастар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сазды тақтатастар аспидті тақтатас, жабындық тақтатас — метаморфизм әсерінен сазды минералдары гидрослюдаларға, хлоритке, тағы басқа қосылыстарға айналған шөгінді тау жынысы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> Құрамында хлорит, каолинит, кварц, дала шпаттары, карбонаттар, темір сульфидтері және басқа сазды, сазды емес минералдар кездеседі. Кеуектілігі 1%-дай, суда жібіп ісінбейді.
- Түсі сұр, қара сұр.
- Органикалық көмірлі заттан тұратын қара түсті түрі аспидті, ал қалыңдығы 2 — 6 мм жұқа тақталы түрін жабындық деп атайды.
- Сазды тақтатастар литогенез процесінің катагенез, метагенез сатыларында саздың жер қойнауына батып, жоғары қысым мен температураның әсерінен тығыздалып қайта кристалдануынан жаралады. Метаморфизм әсерінен cазды тақтатастар филлиттерге, серицитті, кварц-серицитті, хлорит-серицитті, кристалды тақтатастарға, тағы басқаға айналады.
- Сазды тақтатастарды құрылыста, электртехникада қолданады. Қазақстанда Сарыарқа өңірінде ірі кендері кездеседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>
Дереккөздер
<references/>