Садриддин Айни

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Aini.jpg
Садриддин Айни

Садриддин Айни, Садриддин Саидмұрад-заде (27.4.1878, Гиждуван қаласы маңындағы Соктара қыстағы — 15.7.1954, Душанбе) — тәжік ақыны, ғалым, қоғам қайраткері. Тәжікстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Өзбекстан ғылым академиясының құрметті академигі (1943), Тәжікстан ғылым академиясының алғашқы президенті (1951).

Бұхара медреселерінде білім алған, тәжік, өзбек тілдерінде қатар жазған. Өлеңдері 1894 жылдан жариялана бастады. “Айна”, т.б. мерзімді баспасөз беттерінде ағартушылықты насихаттаған “Жастарға” (1914), “Жерді сатпаңдар” (1916), т.б. өлеңдері, мақалалары жарияланды. Үкімет тарапынан қуғынға ұшыраған Садриддин 1915 — 16 ж. Бұхарадан кетеді. 1917 ж. қамауға алынады. 1919 — 20 ж. алғашқы тәжік журналы “Революция жалынын” шығаруға атсалысты. Садриддиннің журналда жарық көрген мақалалары тәжік публицистикасының қалыптасуына септігін тигізді. “Бұхара жендеттері” (1920) атты алғашқы прозалық шығармасында Бұхараның ескі тәртібін әшкерелесе, “Одина” (1924) повесі арқылы шебер суреткер екенін танытты. “Дохунда” (1927 — 28 ж. жазылып, 1930 ж. жарық көрген) және “Құлдар” (1934, қазақ тілінде 1953) романдарында тәжік халқының бір ғасырға жуық өмірі мен күресі бейнеленген. “Өсімқордың өлімі” (1939 — 53) повесінде байлығынан айырылған сараңның өлімі арқылы қоғамдық құрылымның күйреуін меңзеді. Соғыс жылдарында Садриддин публицистикалық өткір мақалалар мен тарихи көркем очерктер жазды (“Тәжік халқының батыры Темір Мәлік” 1944; “Муканна көтерілісі” 1944, т.б.). 1948 жылдан “Естеліктер” атты автобиографиялық романын жазды (1 — 4-кіт., 1950 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы; қазақ тілінде 1951). Бұл шығармада 19 — 20 ғасырлар аралығындағы Бұхара қауымының тұрмыс-салты, саяси өмірі, тәжік ағартушыларының бейнесі суреттелген. Садриддин — “Маңғыт әулеті әмірлерінің тарихы” (1923), “Тәжік әдебиеті үлгілерінің антологиясы” (1 — 3-бөлімдер, 1926) сияқты тарихи, әдеби еңбектердің, Рудаки, Фирдауси, ибн Сина, Сағди, Науаи, Васифи, Бедил, т.б. жайындағы очерктер мен монографиялардың авторы. 3 рет Ленин орденімен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

Үлгі:Commonscat

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Садриддин Айни|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}