Саджад Захир Саед

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саджад Захир Саед

Саджад Захир Саед (5. 11. 1905, Лахнау,–11.9. 1973, Алматы) – Үндістан және Пәкістан жазушысы. Үндістан мен Пәкістан Коммунисттік партиясының көрнекті қайраткері. Урду тілінде жазды. Лакхнау және Оксфорд университеттерін бітірген. 1936 жылы Үндістан прогресшіл жазушылары ассоцияциясының бас секретары, 1948 жылы Пәкістан Коммунисттік париясының бас секретары болып сайланды. 1955 жылы урду тілінде шығатын "Авами дар" ( "Халық дәуірі" ) және "Хаят "( "Тұрмыс" ) газеттерінің редакторы болды. 1973 жылы Азия, Африка жазушыларының Алматыдағы конференциясына қатысты. Саджад Захир–"Лондондағы күн" (1973) повесі, "Науқас" пьесасы (1936), "Балқыған сапфир" (1964) т.б. өлең кітаптрының авторы. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер