Садақ журналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Садак» журналы - 1915 жылдың 9 қарашасынан 1918 жылдың 10 ақпанына дейін Уфадағы «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттері шығарған қолжазба әдеби журнал. Ұйымдастырушылары әрі шығарушылары - Б. Майлыұлы мен Ж.Тілепбергенұлы. Олар «шығарушы - «Қазақ» ұйымы» деп көрсеткен. Аталған медресе шәкірттері Қазақ газетін, сондағы қайраткерлерді үлгі тұтқан. Деректерге қарағанда, олар Алаштың «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұран» газеттерін де жаздыртып алып тұрған. Бұл басылым да «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттеріне тілектестігін білдіріп отырған. Журналда Б.Майлин, Ж.Тілепбергенұлы, Х.Сартәлиұлы, З.Имажанұлы, Ә.Мұстафаұлы, А.Әшкеұлы, Х.Басымұлы т.б. авторлардың материалдары жарық көрген. Журнал мақсаты - жастарды жаңа әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Бұл іс Алаш қозғалысына қосылған елеулі рухани үлес болды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}