Сабыр Жақыпұлы Темірбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темірбеков Сабыр Жақыпұлы (19.12.1946 жылда туған, Шығыс Қазақстан облысында, Көкпекті ауданында, Черноярка ауылында) – әскери қайраткер, генерал-майор (1993). Уссурий әскери автомобиль училищесін (1969), тыл және көлік әскери академиясын (1977) бітірген. 1965 жылдан әскер қатарында. 1969 – 1974 жылда Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобында взвод, рота командирі, 1977 – 1992 жылда. Орта Азия әскери округінде тыл қызметі лауазымдарында, жол-құрылыс бірлестігі командирінің материалдық-техникалық және тылды қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қорғаныс министрінің тыл жөніндегі орынбасары (1992 – 1998), Қазақстан Республика ҚК-нің жалпы қолданыстағы күштер Бас әскери инспекциясында гененерал-инспектор (1998 – 1999) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Қазақстан Республикасының Қорғаныс минестерствода Бас әскери инспекция бастығы.Темірбеков Сабыр Жақыпұлы көптеген медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}