Сабыржан Ғарапшаұлы Ғаббасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сабыржан Ғарапшаұлы Ғаббасов (1889, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы — 19 маусым 1918, Аягөз ауданы) — қоғам қайраткері, журналист, ұлты татар.

  • 1905-12 ж. Қазан қаласында оқып, білім алған.
  • 1912 жылдан Сергиополь (Аягөз) қаласында мұғалім болды. "Айқап" журналының жұмысына белсене араласып, 15-ке жуық мақала жариялайды.
  • 1916 ж. Верный (Алматы) қаласына келіп, газет-журналдарға "Аягузи" деген лақап атпен мақалалар жазып тұрған.
  • 1918 ж. Верныйда шығып тұрған "Вестник Семиреченского трудового народа", "Заря свободы "газеттерінің редакциясында қызмет істеді. Азамат соғысы жылдары Сергиополь революциялық әскери кеңесінің комиссары және Жетісу майданының соғыс жөніндегі нұсқаушысы ретінде Сергиопольді қорғау ісіне басшылық жасады.
  • 1918 ж. 19 маусымда ақ гвардияшылармен болған шайқаста тұтқынға түсіп, Аягөз маңындағы Балтатерек деген жерде азаппен өлтірілді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}