Саблуков Гордий Семенович
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гордий Семенович Саблуков (1804 — 1880) — шығыстанушы ғалым. Құран Кәрімді орыс тіліне тұңғыш аударған (1878). 1830 ж. алғашқылардың бірі болып “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырын ел арасынан жинап, қағазға түсірген. Жыр туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған. 1849 — 62 ж. Қазан діни академиясында араб тілі мен түрік тілінен сабақ берді. Саблуков “Сведение о Коране, законоположительной книге Мохаммеданского вероучения” (1884) деген миссионерлік сипаттағы еңбек жазған. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>
Дереккөздер:
<references/>