Рәшит Тұрарұлы Ыбыраев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Рәшит Тұрарұлы Ыбыраев (1948 жылы т., Т.Рысқұлов атындағы аулы) – ғалым, тарих ғылым кандидаты. 1992 – 1994 ж. халық депутаттары Шымкент облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы. Ташкент политехникалық институтын (1970), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. 1970 – 1972 ж. Гидрогеология экспедициясында инженер-механик, Алматыдағы «Қызыл ту» фирмасында инженер-конструктор, комсомол комитетінің хатшысы, 1972 – 1976 ж. Қазақстан Жастар одағы Орталық Комитеті жанындағы республикалық комсомол мектебі оқу ісінің меңгерушісі, нұсқаушысы, жауапты ұйымдастырушысы, Орталық Комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1976 – 1978 ж. Шымкент облысы комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1978 – 1980 ж. Түркістан қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1980 – 1986 ж. халық депутаттары Шымкент қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1990 – 1991 ж. Шымкент облысы комитетінің екінші хатшысы, 1991 – 1992 ж. халық депутаттары Шымкент облысы Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Дереккөздер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub