Рүстем Жарасқанұлы Әбдірашов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рүстем Жарасқанұлы Әбдірашов

1970 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында туған.Қазақ.

Әкесі - Әбдірашов Жарасқан (1947-2001), ақын. Анасы -Мергенбаева Назгүл Нұрғалиқызы (1946 жылы туған), педагог.

Н.В.Гоголь атындағы Апматы көркем сурет училищесін(1989) суретші-декоратор мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының театрдекорация факультетін (Мәскеу қаласы , 1993) кинорежиссер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2002) құқық танушы мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

1989 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясында «Қозғалыстағы нысана», «Отырардың күйреуі», «Бейбарыс»,«Жас аккордеонистің өмірін баян ету», «Көгілдір қоңыраушы», «Жабайы Шығыс» және басқа да кинокартиналар бойынша қоюшы-суретші. 1997 жылдан - «Хабар» агенттігінің қоюшы-суретшісі, телевизия режиссері, продюсері.1999 жылдан - «Оның ішінде» деректі фильмінің режиссері. 2000 жылдан - ҚАП сайлау алды штабының бастығы. 2001 жылдан - ҚР-дағы «Мир» ХТРА бас продюсері.2002 жылдан - «Қазақфильм» ҰК» РМҚК киностудиясының (қазіргі - 111. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) қоюшы режиссері.

«Барсакелмес аралы» (2004), «Құрақ көрпе» (2007),«Сталинге сыйлық» (2008) фильмдерінің қоюшы режиссері. Президент стипендиаты (1998, 1999). ҚР жастар сыйлығының (1999), «Тарлан» сыйлығы - «Үміт» жоғарғы сыйлығы- ның (2004), Халықаралық «ФИПРЕССИ» киносыншылар федерациясы сыйлығының (Висбаден қаласы , Германия, 2005) лауреаты. ТМД және Балтия елдерінің «Киношок-2004»XIII Ашық кинофестивалінің, «Алтын жүзім сабағы» («Золотая лоза») Гран-приінің, «Шәкен жұлдыздары»кинофестивалінің Гран-приінің (Алматы қаласы , 2004) иегері. «Шығыс-Батыс» Халықаралық кинобайқауының бас жүлдесі «Сармат арыстанының» (Орынбор қаласы , 2008), Халықаралық кинобайқау бас жүлдесінің (Белград қаласы , 2009) иегері. Линкольн орталығындағы Халықаралық Нью-Йорк еврей киносының кинобайқауында арнайы көрсетілім құрметіне ие болған (Нью-Йорк қаласы , 2008). Халықаралық «Алтын батыр» («Золотой витязь») кинофорумының үздік режиссура үшін лауреаты; «Астана-Бәйте- рек» фестивалінің үздік рөжиссерлік дебют үшін (2004) лауреаты. Үлттық кинематографиялық «Ника» сыйлығының номинанты (Ресей). ТМД және Балтия елдері «Киношок»ашық кино фестивалінің ең үздік сценарий үшін жүлдесін (Анапа қаласы , 2007), «Сталкер» ХКФ-де адам құқықтары туралы ең үздік шетел фильм үшін жүлдесін, "Asia cinema" ХКФ-де (Франция, 2009) Гюме мүражайы алқасының арнайы жүлдесін (Париж қаласы ) алған.

«Матумба» жабық ерлер клубының мүшесі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына кандидат (2004).

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - әл-Фараби, Захир-аддин Мұхаммед Бабыр, Мұхаммед ибн Шахрух ибн Темір ұлығбек, Әбұлқайыр хан, Кенесары, М.К.Ататүрік, М.Шоқай, Н.Ә.Назарбаев, И.Н.Тасмағамбетов.

Хоббиі - кітаптар, картиналар, живопись, антиквариат,аңшылық, аттар, иттер, аңшы құстар.

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, көркем және ғылымитанымдық әдебиет, тарихи романдар.

Үйленген. Жұбайы - Әбдірашова Әнел Ақтлеуқызы(1969 жылы туған), «Ri Rax» компаниясының менеджері. Ұлы - Әбілқайыр (1988 жылы туған); қызы - Іңкәр (1990 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub