Рустам Одинаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рустам Одинаев

1953 жылы 2 наурызда Тәжік КСР Куляб қаласында туған.Тәжік.

С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (1991) журналист мамандығы бойынша; Б. Мансұров шеберханасының Жоғары режиссерлік курстарын бітірген (1996).

1973 жылдан - «Тәжікфильм» киностудиясында суретшінің ассистенті. 1984 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының суретші-декораторы. 1989-1992 жылдары - «ІСС» киностудиясының қоюшы суретшісі (Италия).

2005 жылдан бері - «Номадфильм» және «Митрафильм» жеке киностудияларының бас директоры.

24-тен астам фильмнің қоюшы суретшісі: «Минархар аңшысы» («Тәжікфильм»), «Махаббат сағымы» («Қырғызфильм», 1985), «Сұлтан Бейбарыс» («Қазақфильм», 1989), «Шыңғыс хан» (Италия, 1989-1992), «Нәзік жан» (Қазақстан-Ресей, 1996), «Ежелгі бұлғарлардың жылы желі» («Мосфильм», 1997), «Айлы әке» (Тәжікстан-Германия, 1999), «Біржан сал» (2009), «Махамбет» (2007), «Нағыз полковник» (2010) фильмдерінің; «Қазбат» деректі фильмінің (2009); «Әркім Голгофаға көтеріледі» телехикаясының (2003) және тағы басқа.

ҚР Кинематографистер одағының мүшесі.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».

Хоббиі - музыкалық аспаптар, антиквариат.

Сүйіп оқитын әдебиеті - Н.В. Гоголь, А.С. Пушкин, М. Булгаков, А. Рюноске.

Үйленген. Жұбайы -Жұмағүлова Раиса Кәріпқызы (1948 жылы туған), зейнеткер, экономист болып жұмыс істеген. Ұлдары - Омаров Сұлтан-Темір (1974 жылы туған), Омаров Санжар (1977 жылы туған).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}