Руслан Шохметұлы Әубәкіров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Руслан Шохметұлы Әубәкіров 1960 жылы 7 мамырда Ақмола облысының Алексеевка қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Әубәкіров Шохмет Мұсаұлы (1915-1982), Қорғалжын аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Анасы - Әубәкірова Мағрифа Сейісқызы (1928-2002), тұтыну кооперациясы жүйесінде қызмет еткен. С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтының математика факультетін (1981) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің мөмлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару факультетін (2005) менеджер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және француз (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1981 жылдан - Целиноград облысы Целиноград ауданының Қаша ауылында кеңшар-техникумның дәріскері. 1982 жылдан - Целиноград облысы Жақсы ОКТУ комсомол комитетінің қызметінен босатылған хатшысы. 1984 жылдан - Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің хатшысы. 1985 жылдан - Торғай облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, 1986 жылдан - мектеп және студент жастары бөлімінің мөңгөрушісі. 1988 жылдың қаңтарынан - Целиноград облыстық комсомол комитеті мектеп және студент жастары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1988 жылдың мамырынан - бөлім меңгерушісі. 1990 жылдан - Целиноград облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1991 жылдың мамырынан - бірінші хатшысы. 1991 жылдың қарашасынан -Қазақстан Жастар одағы Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1993 жылдан - «Политек» ЖТАҚ коммерциялық директоры (Целиноград қ.). 1997 жылдан - «Агрофирма TNK» ЖШС директоры (Ақмола облысы Жақсы ауданының Жақсы кенті). 2001 жылдан - Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі. 2004 жылдан - Ақмола облысы Щучинск ауданының әкімі. 2006 жылдан бері - Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі. «Нұр Отан» ХДП Атбасар аудандық филиалының төрағасы (2006 жылдан). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - майор. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, У. Черчилль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан Республикасы - әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің толық құқылы мүшесі». Хоббиі - шахмат ойыны, аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - әлем классикасы. Үйленген. Жұбайы - Әубәкірова Алма Қайырғалиқызы (1959 ж. т.). Қыздары - Меруерт (1982 ж. т.); Мәлика (1987 ж. т.); Ұлжан (1995 ж. т.); Аружан (1998 ж. т.); ұлдары - Әнуар (1983 ж. т.); Назар (1989 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub