Руслан Жанділдәұлы Нұржанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Руслан Жанділдәұлы Нұржанов 1971 жылы 17 қарашада Қызылорда облысының Арал қаласында туған. Қазақ.

  • Әкесі - Нұржанов Жанділдә Қуанышұлы (1932 ж. т.), «Облгаз» Арал аудандық пайдалану қызметінің директоры. Анасы - Құлышова Қанаш Балтақызы (1942 ж. т.), Арал қаласындағы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі. Үйленген. Жұбайы - Ким Ольга Львовна, үй шаруасымен айналысады. Қыздары -Жанділдәева Алина, Жанділдәева Назерке, Жанділдәева Әсел, Жанділдәева Даяна; ұлы - Жанділдәев Арлан.
  • Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының колледжін (1993) техник-механик мамандығы бойынша; «Болашақ» университетін (1995) жол қозғалысының инженері мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1989 жылдың қыркүйегінен - «Облгаз» Арал аудандық пайдалану қызметінің жұмысшысы. 1989 жылдың қарашасынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1992 жылдың наурызынан - «Аралбалықөнеркәсіп» ӨБ жүмысшысы, 1992 жылдың мамырынан - шаруашылық цехының жүргізушісі. 1993 жылдан- «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ (1994 жылдан - «Южнефтегаз» АТАҚ, 1997 жылдан - «Южнефтегаз» МАҚ) №2 автоколоннасының 2-ші дәрежелі слесарі, 1995 жылдан - 3-ші дәрежелі слесарі, 1997 жылдың мамырынан- механигі, 1997 жылдың қарашасынан - 4-ші дәрежелі слесарі. 1998 жылдан - «Харрикейн Құмкел Мұнай» ААҚ Құмкөл кен орнындағы жөндеу машиналық шеберханасының шебері. 2000 жылдан - «Petro Kazakhstan Құмкөл Ресорсиз» АҚ Құмкөл кен орнындағы көлік бөліміне техникалық қызмет көрсету тобының бастығы.2002 жылдан - «Арнайымашсервис» ЖШС директорының өндіріс женіндегі орынбасары (Қызылорда қ.). 2003 жылдан бері - «Қызылорда-Мұнайсервис» ЖШС директоры. Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің алғыс хатымен ескерілген (2008).
  • Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ұлы Апександр. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан өркениетті және ұлы мемлекетке айналады». Хоббиі - компьютер ойындары, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Дюма.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}