Руслан Бақыттыұлы Есенәлин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Руслан Бақыттыұлы Есенәлин - 1976 жылы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданы Двойники ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Есенәлин Бақытты Милайнұлы (1951 ж. т.), саңырау балаларға арналған мектеп-интернатта әлеуметтік педагог. Анасы - Есенәлиева Майра Қурманбайқызы (1959 ж. т.), саңырау балаларға арналған мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі. М. Қазыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрибесі факультетін (2006), дене тәрбиесінің жаттықтырушы-мұғалімі; Қазақстан мемлекеттік заң академиясы жанындағы Мемлекеттік қызмет институтын (2006) бітірген, мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер-маман. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) біледі.

  • 2000 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысының Кикбоксинг және әскери өнер федерациясының кикбоксингтен аға жаттықтырушысы.
  • 1996 жылдан - Петропавл қаласы №6 орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі.
  • 2002 жылдан - «Авангард» БЖСМ (Петропавл қаласы) бокстан жаттықтырушы-мұғалім.
  • 2005 жылдан - бокс БЖСМ (Петропавл қаласы) бокстан жаттықтырушы-оқытушы.
  • 2006-2008 жылдары - күрес БЖСМ (Петропавл қаласы) кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы.
  • 2007 жылдан - «Виктория» ОРМБЖСМ (Петропавл қаласы) кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы.
  • 2008 жылдан бері - СҚО Дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының орынбасары. 4 әлем чемпионын, 8 әлем жүлдегерін, Азия жүлдегерлерін және Әлем кубогы жеңімпаздарын: Еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионатының (2003), Әлем чемпионатының (2003) күміс жүлдегері, кикбоксингтен әлем чемпионы (2007) Мирас Бірімжановты; халықаралық кластағы спорт шебері (ХКСШ), Әлем чемпионатының қола жүдегері (2005), 2 мәрте әлем чемпионы (2006, 2007) Тінәлин Әмірді; ХКСШ, әлем чемпионы (2003), Әлем кубогының иегері (2004) Емельянов Георгийді; ХКСШ, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2002), Азия чемпионы (2003) Нұржауыпов Әділді; ХКСШ, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2009) Нұрпейісов Азаматты; ХКСШ, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2007), Әлем кубогының иегері (2010) Қадырбеков Саматты; ХКСШ, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2002), әлем чемпионы (2007) Смағұлов Арыстанды; ХКСШ, Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері (2003) Бәйімбетов Ерланды, Тырқаев Тимурды тәрбиелеген. Кикбоксингтен ҚР спорт шебері (2003). Кикбоксингтен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2006).
  • Кикбоксингтен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы (2006-2008). II дәрежелі «Қайсар» орденімен (2003); Петропавл қаласы әкімінің Қүрмет грамотасымен марапатталған.

Діни көзқарасы - мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты дамитын мемлекет».
Хоббиі - оқу, спорт.
Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем, тарихи әдебиеттер.

Үйленген. Жұбайы - Есенәлина Надежда Валерьевна (1982 ж. т.). Қыздары - Есенәлина Карина Русланқызы (2001 ж. т.); Есенәлина Дария Русланқызы (2004 ж. т.); Есенәлина Даяна Русланқызы (2007 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub