Руд-бой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Prince Buster.jpg
Бастер Ханзада (Prince Buster) - рудбойдың атақты өкілі

Руд-бой (Үлгі:Lang-en) - 1960 жылдары Ямайкада жастар арасында қарқынды дамыған субмәдениет.

Пайда болуы

Бұл ағымның пайда болуының басты факторы, сол кездегі Ямайкадағы экономикалық жағдай еді. Жалпыұлттық жұмыссыздық, жастардың оптимистиік көзқарасын жоғалтып, өз абыройын сақтап қалу үшін топ болып құрылуға итермеледі.

Әндері және билері

Сол кездің қарапайым Ямайкалықтары секілді руд-бойлардың арасында ска биін билеу қалыпты болды. Алайда бұл би қимылдарында руд-бойлардың жасырын агрессиясы білінді. Біраз уақыттан рокстеди жанрының пайда болуынан кейін руд-бойлықтар жаппай осы ән стиліне көшті. Руд-бойлықтардың ең сүйікті әншілері қатарында: The Wailing Rude Boys, Принц Бастер, Джимми Клифф және т.б әншілер мен топтар болған. Олардың әндерінде көбіне қалыптасқан жалпы ережелерге деген қарсылық, бостандық жайлы айтылады. Руд-бойлықтардың әнұранына айналған ән: Ли Перридің әні «Run, rudie, run»

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер