Рубцова Ольга Николаевна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ольга Николаевна Рубцова (20.8.1909, Ресей, Мәскеу — 13.12.1994, сонда) — шахматшы, ғалым, профессиялық шахматтан әлемнің әйелдер арасындағы төртінші чемпионы (1956 — 58). Халықаралық дәрежедегі гроссмейстер (1976). Рубцова 1927 — 67 ж. 20 мәрте КСРО чемпионатына қатысып, төрт рет чемпион (1927, 1931, 1937, 1949), төрт рет күміс жүлдегер (1936, 1948, 1952, 1954) атанды. Сонымен қатар 1935 ж. КСРО чемпионы атағы үшін О. Семенова-Тянь-Шаньскаямен матч өткізіп 7:2 (алты ұтыс, бір ұтылыс, екі тең) есебімен жеңіске жетті. 1956 ж. әлем чемпионы атағы үшін болған турнирде бірінші орын алған Рубцова әлемнің төртінші чемпионы атанды. 1957 ж. бірінші рет өткен бүкіләлемдік шахмат олимпиясында КСРО құрамасының бірінші тақтасында өнер көрсетіп, 14 мүмкіндіктен 9,5 ұпай жинады. Бірақ келесі жылы Е.Быковадан ұтылып, әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. 1960 жылдан бастап хат арқылы ойнауға көшкен Рубцова 1968 — 72 ж. жарыстың бұл түрінен тұңғыш әлем чемпионы атанды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рубцова Ольга Николаевна|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}