Рсалдин Жиенбек Жұманбайұлы
Жиенбек Жұманбайұлы Рсалдин (31.12.1925, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Рассвет кеңшары — 25.1. 1997, Алматы) — музыкатанушы. Қазақстанның еңбек сіңiрген өнер қайраткері (1989). 1951 ж. Қарағанды педагогика институтын, 1959 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор Б.Жылысбаевтің класы бойынша), аспирантураны (А.Жұбановтың жетекшілігімен) бітірген. Рсалдин Қазақ телевизиясы мен радиосының музыкалық редакторы (1958 — 62), бас редакторы және көркемдік жетекшісі ([1965 — 66),Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер (1966 — 68), Қазақ энциклопедиясы Өнер және архитектура редакциясының меңгерушісі (1968 — 71), Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің нұсқаушысы (1971 — 75), Чайковский атындағы музыкалық училищенің директоры (1975 — 84), 1984 жылдан Қазақстан Орталық Мемлекеттік мұражайында музыка мәдениеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Мәдениет саласы бойынша ғылыми-зертттеу еңбектердің, кітаптар, брошюра, мақалалардың авторы. Біржан сал, Құрманғазы сияқты әнші, күйшілердің шығармашылығын зерттеген.
<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref> <ref>Қазақстан композиторларының ән творчествосы, А., 1965;</ref> <ref>Ахмет Жұбанов, А., 1966;</ref> <ref>Қыз Жібек, А., 1968;</ref> <ref>Әннен-операға, А., 1971;</ref> <ref>Әнші бақыты, А., 1986.</ref>
Дереккөздер:
<references/>