Роман Платонович Новицкий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Роман Платонович Новицкий (1887 – өлген жылы белгісіз) – қызметкер. 1905 – 06 жылдары Харбин қаласында, Қиыр Шығыс және Қытай темір жолында (1908 – 11) әскери теміржолшы курсында оқыды. 1911 – 18 жылдары Қазалы уезіндегі стансаларда теміржолшы, аға диспетчер, вагон шаруашылығының бастығы, бригадир болып істеді. 1918 жылы Қазалы уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1919 жылы атаман Дутовтың әскерін талқандауға қатысқан. 1920 жылы Қазалы ревкомының алғашқы төрағасы болды. 1920 – 22 жылдары Қазақстандағы теміржолшылар жұмысшы-шаруа инспекциясын басқарды. 1922 – 57 жылдары Өзбекстан, Қазақстан Республикаларында прокуратура органдарында қызмет атқарды. Әр жылдары Сырдария облысы кеңесінің төрағасы, орынбасары, соттың алқа мүшесі, Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі болып, Сырдария атқару комитетінде үгіт-насихат бөлімінде жұмыс істеді.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Роман Платонович Новицкий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}