Роман Васильевич Скляр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Роман Васильевич Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында туған. Орыс. Мәскеу қазіргі замандық бизнес институтының «қаржы және несие» факультетін (1999) экономист мамандығы бойынша; Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2005) заңғылымдарының бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылдың қаңтарынан ақпанына дейін - «Екібастұз- көміравтоматика» монтаждық жөндеу басқармасының монтажшы слесарі. 1989 жылдың тамызынан - «Қазөнеркәсіптехмонтаж» өндірістік-монтаждық басқармасы Екібастұз кесу құрылыстары басқармасының монтажшысы. 1990 жылдың қаңтарынан - «Вахинвест» біріккен кеңес-батысгерман кәсіпорынының қауіпсіздік техникасы инженері (Павлодар қаласы). 1990 жылдың қазанынан - «Аңсат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директоры. 1999 жылдан - «Тыныс» ЖШС директоры (Павлодар қаласы). 2002 жылдан - ҚР қаржы министрлігінің Жағдайсыз қарызгерлермен жүмыс комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бөлімінің бастығы. 2003 жылдың маусымынан - Павлодар қаласы Коммуналдық меншік басқармасы бастығының орынбасары; Павлодар қаласы Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы. 2005 жылдың қаңтарынан - Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы. 2005 жылдың сәуірінен - Павлодар қаласы әкімі аппаратының жетекшісі. 2006 жылдың сәуірінен - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары. 2006 жылдың желтоқсанынан - Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылдан - Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры. 2008 жылдан - Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың қарашасынан бері - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары. «Құрмет» орденімен марапатталған (2010).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub