Рок-мәдениет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рок-мәдениет - Англия мен АҚШ-та 20 ғасырдың 50-жылдардың соңы - 60 ж. басында жаңа музыка стилінің төңірегінде қалыптасқан субмәдени қүбылыс. Рок-мәдениеттің өзегі жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған әрі дәстүрлі өмір салтына бағытталған карсы мәдениет болып табылды. Роктың өмірге келуін 1954 ж. деп санау қабылданған, осы жылы афро-американдық ритм - энд-блюз стилінің батыстық музыка-фольклор (кантри) дәстүрімен синтезі ретіндегі жаңа музыкалық стиль - рок-н-рол пайда болды; Билл Хейли өзінің рок стиліндегі тұңғыш әнін орындады, ал "рок-н-рол королі" - Элвис Пресли өзінің алғашқы күйтабағын шығарды. 1960 жылдары классикалық рок топтар мен орындаушылар: "Битлз", "Роллинг Стоунз", Боб Дилан, т.б. қалыптасып, көпшілікке танылды. Бүл кездегі рок-музыканттар Вьетнамдағы соғысқа қарсы шықты. 1960 жылдардың соңында андерграунд-рок дамыды. Ол хиппи қозғалысының музыкалық көрінісі болды. Рок музыкада аукымды композициялы, бір тақырыпты қамтитын ұзақ ойнайтын альбом жазу қалыптасты. Рокта мәтін, музыка, жарық, би, костюм тұтасып кетеді. 1970 жылы саналы түрде музыка құралдарын қолдануға жөне эпатаж тәсілдері арқылы рок-музыканың коммерциялануына қарсылық білдіруге үмтылған панк-рок пайда болды. Рок-мәдениет 1980 жылдардан бастап Батыста өмір салты болудан қалды, қазір ол тек музыкалық өнердің бір түрі ретінде ғана қабылданады.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}