Роза Гизатулина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Роза Гизатулинна (10.12. 1932 жылы, Алматы қаласы) — телережиссер. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.


Білімі

1952 жылы Алматы театр-көркемсурет училищесін, 1954 жылы Мәскеу театр өнер институтын бітірген.


Еңбек жолы

Еңбек жолын 1954-61 жылдары Қазақ академиялық драма театрында артис болып бастады. 1961-90 жылдары Қазақ теледидарының әскери-спорт хабарлары редакциясында, әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында режиссер ассистенті, режиссер болып істеді. Телережиссура спецификасының қыры мен сырын игере жүріп, режиссерлік пультті кәсіби шеберлікпен басқарды.


Студия сахнасында күрделі публистикалық және драмалық қойылымдарды асқан жинақылықпен аудиторияға ұсынды. "Анна Франк күнделігі", "Мен үйге қайта оралмаймын", "Сатиралық қоймалжың" қойылымдары, "Абай әндері" музыкалық-әдеби хабары, т.б. жүздеген телешығармалары көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.

Марапаттары

КСРО және Қазақ КСР Телерадио комитеті басшылығының Алғыс хатымен марапатталған.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}