Роза Балбатырқызы Құлжақаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Роза Балбатырқызы Құлжақаева (1933 ж. т.), заңгер, республикада қазақ әйелдері арасында тұңғыш әділет полковнигі - профессор атағын алған. Алматы Мемлекеттік заң институтын бітірген (1954). Қарағандыда 1955 жылдан ҚР ІІМ облыстык басқармасының аға тергеушісі, ІІМ Қарағанды заң институтының аға оқытушысы, доценті, профессоры болып істейді. 60-тан астам ғылыми еңбек авторы. Бірнеше медальдармен, КСРО, КР ІІМ «Мінсіз қызметі үшін», «Үздік қызметі үшін», «Мінсіз қызметі мен қол жеткен табыстары үшін» ведомстволық наградаларымен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}