Ровное мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Ровное мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік ернеуі маңындағы мұнай кен орны. Атырау қаласынан солтүстік-батыста 85 км жерде орналасқан, 1978 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Кенорын қос қанатты тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бордың апт жене неоком жікқабаттарында мұнайлы-газды горизонттар бөлінген. Олар 627-647 м тереңдіктерде жатыр.

Жатыс сипаты

Жатындардың биіктігі 24-38 м, су-мұнай жапсары -688-967 м-лік абсолют белгілерде. Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Өнімді шөгінділер терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштарының ашық кеуектілігі 29-31%, өтімділігі 1,303-2,29 мкм3, мұнайға-газға қанығу коэффициенттері 0,6-0,83. Мұнайға қаныққан қалыңдық 2,7-6,9 м. 7 мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 40,2 м³/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 7,1–7,4 МПа, температура 29,5°С.

Құрамы

Мұнайдың тығыздығы 744-745 кг/м3. Мұнайы аз күкіртті (0,1-0,18%), аз парафинді (2,5-2,94%).

Газ құрамы: метан -81,21-96,96%, этан -0,59-12,61%, пропан -0,21-3,56%, изобутан -0,07-0,18% т.б. Жатындардың режимі суарынды. Хлоркальцийлі қойнауқаттық суларының тығыздығы 1169-1172 кг/м3. Кен орны 1979 жылдан бері игерілуде. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер