Роборовский

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Всеволод Иванович Роборовский (26.4(8.5).1856, Санкт-Петербург — 23.5 (5.6).1910, Ресей, Тараки иелігі, қазіргі Калинин облысы) — Орта Азияны зерттеген Ресей саяхатшысы. Н.Пржевальскийдің Орталық Азиялық үшінші (1879 — 80) және төртінші (1883 — 85), М.В. Певцовтың 1889 — 90 ж. Тибет экспедицияларына қатысты. 1893 — 95 ж. Орталық Азияның батыс бөлігін зерттеу үшін ұйымдастырылған экспедицияны басқарды. Экспедиция 2 жылда Шығыс Тянь-Шань, Куньлунь, Наньшань, Бэйшань, Тибеттің солтүстік-шығысын, Жоңғар даласын қамтитын орасан зор алқапты зерттеп, оның орографиясын анықтады; 16 мың км-лік маршрут картаға түсірілді, 30 астрономиялық пункттің орны анықталып, гипсометриялық және метеорологиялық бақылаулар жүргізілді. Тау жыныстарының, өсімдіктер мен жануарлардың үлкен коллекциялары жиналды. Экспедиция нәтижелері 1893 — 95 ж. “Шығыс Тянь-Шань мен Наньшаньға саяхат” атты еңбекте жарияланды.

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub