Рим клубы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рим клубы1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерін біріктіретін халықаралық қоғамдық ұйым.

Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар “органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

<references/>