Ризвангүл Сүлейманқызы Аюпова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ризвангүл Сүлейманқызы Аюпова (1939 ж.т., Алматы облысы Талғар қаласы) – биология ғылыми докторы ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ), 1966 ж. Қазақстан ҒА Физиология институтының аспирантурасын бітірген. 1967 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Адам мен жануарлар физиологиясы институтында жетекші ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми жұмыстары жан-жануарлардың ішкі органдарының қызметін реттеу мәселелеріне арналған. 100-ден аса ғылыми еңбегі жарияланған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />