Рзақұл Сәденұлы Нұртаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Рзақұл Сәденұлы Нұртаев 1960 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы Қармақшы ауданының В.И. Ленин атындағы кеңшарында туған. Қазақ. В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтының «Пайдалы қазбалар тау-кен орындарын жер асты игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» факультетін (1982) тау-кен инженері мамандығы бойынша; ММЭСИИ қашықтықтан оқыту институтын (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1983 жылдан - «Қазақжарылысөнеркәсіп» тресі Алматы Құрылыс басқармасының жер асты жұмыстарының үңгушісі. 1984 жылдан - Қызылорда Байқоңыр қаласындағы №05909 ә/б диспетчер бөлімінің инженері. 1986 жылдан - «Маманмашмонтаж» арнайы жөндеу-монтаж бірлестігінің инженері (Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы). 1987 жылдан -10992 ә/б жұмыстарды өндірушісі. (Байқоңыр қаласы). 1990 жылдың қаңтарынан - «Қазжылуизоляция» тресі Ленин шаруашылық есеп учаскесінің бастығы (Байқоңыр қаласы). 1990 жылдың желтоқсанынан - «Қазжылумонтаж» Ленин арендалық кәсіпорнының бастығы (Байқоңыр қаласы). 1993 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам ауылдық әкімшілігінің басшысы. 1997 жылдан- Қызылорда облысы 􀀂армақшы ауданындағы Төретам кентінің әкімі. 2001 жылдан - «Инфракос» РМК бас ди- рөкторы (Байқоңыр қаласы). 2004 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі. 2007 жылдан - Қызылорда облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы. 2008 жылдан - Қызылорда облы- сы әкімі аппаратының жетекшісі. 2010 жылдың ақпанынан бері - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. Үйленген. Жұбайы - Нұртаева Аманкүл Тәжібайқызы. Ұлдары - Нұртаев Қайрат Рзақұлұлы; Сәден Абахан Рзақұлұлы; қызы - Нұртаева Гүлжауһар Рзақұлқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub