Ресурстардың барлану дәрежесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ресурстардың барлану дәрежесі. Мұнай және газ ресурстары мен қорларының бір-біріне қатынасын көрсететін сол мұнай және газ ресурстары құрылымының сандық сипаттарының бірі. Ресурстардың барлану дәрежесінің коэффиценті мұнайдың және газдың А, В, С, категорияларына қарасты белгілі бір мерзімге өндіріліп алынған және өтпелі қорларының бүкіл категорияларға тиесілі жиынтығы мен сол мерізімге шейін бағаланған ресурстарының қосындысына қатынасы, яғни Кp=А+В+С1+Q/А+В+С12312; мұндағы А, В, С1, С2, С3, Д1, Д2 — әр түрлі категорияларға тиесілі өтпелі қорлар мен келелі және болжамдық ресурстар; Q — мұнайдың немесе газдың игеріле бастау мерізімінен бастап бағалау мерзіміне дейінгі аралықта өндіріліп алынған мұнай және газ қоры. Ресурстардың барлану дәрежесі ресурстар жағдайын сипаттауға, қордың өсімділігі мен бұрғылау көлемін келелі жоспарлау барысында іздеу-барлау жұмыстары тиімділігінің өзгеру көрсеткіштерін саралауға пайдаланылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}