Республикалық физика-математика мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының іргесі 1972 жылы Алматыда қаланды. Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысынан жүлделі орындарға ие болып, жоғары көрсеткіштерге жеткен Қазақстан мектептерінің бірі болып табылады. Аталған оқу орнында 9-11 сынып оқушылары білім алады. Директоры: Қайрош Бексейітұлы Мақышов. Құрылған уақытынан бері 39 жыл ішінде О.Жәутіков атындағы РМФМОМИ-ды 7000-нан астам түлектер бітірген. Олардың ішінде экономика, ғылым, бизнес салаларында өз орындарын тапқан, сонымен қатар ҚР Президентінің аппаратында, ҚР үкіметінде жауапты жұмыстарды атқаратындары бар. Мектеп оқушыларының ішінде Қазақстан аумағынан тыс жерде де танымал болған “Яндекс” компаниясының негізін қалаған бұрынғы сыныптастар – Аркадий Волож бен Илья Сегаловичты атап өтуге болады.

Мектепке облыстық физика және математика олимпиадасының жеңімпаздары мен арнайы іріктеу сынағынан өткен оқушылар қабылданады.
Оқу мерзімі математика, физика, информатика және ағылшын тілі пәндерін тереңдетіп оқытудың мемлекеттік стандартқа сай бағдарламасы бойынша 4 жыл (8–11 сыныптар) және 2 жыл (10–11 сыныптар).
Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүреді.
Мәкішев Қайрош Бексейітұлы – мектеп директоры.
2004 жылдан мектепте математика және физикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізіліп отырады.
Шетелдік танымал мектептермен тығыз байланыс орнаған.

Мектеп мекен-жайы

  • Мекен-жайы: Қазақстан, 050040, Алматы, Бұқар жырау, 36
  • Телефоны: +7 727 395 01 85, +7 727 395 01 83
  • Факс: +7 727 395 01 77
  • Эл. почта: fizmatschool@mail.ru
  • Сайты: www.fizmat.kz

Сілтемелер:

Дереккөздер:</span>

<references/>