Ресей Ғылым академиясының кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Library of the Russian Academy of Sciences 02.jpg
Ресей Ғылым академиясының кітапханасы

Ресей Ғылым академиясының кітапханасы - I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры - көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға жуық кітап болған көрінеді.

1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады.

Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы - бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.<ref>Кітапхана тарихы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер