Регресс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1) Регресс <ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref>(лат. regresus — кері қозғалу) — дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогреске қарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивті дамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды. Қоғамдық дамуда Регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшыл топтар мен күштер уақытша (реакция кезінде, фашизм өріс алғанда) прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады.

2) Регресс (лат. regressus — кері кету, артқа қарай қозғалу), биологияда — 1925 ж. орыс ғалымы А.Н. Северцов (1866 — 1936) “Регресстерминін биологияда екі түрлі мағынада қолдануды ұсынды:

  • биологиялық Регресс — эвол. кері кету, яғни қоршаған ортаның өзгерістері едәуір қарқынды жүргендіктен организмдердің бейімделіп үлгере алмауы немесе басқа топтармен бәсекеде төтеп бере алмауы; қандай да бір жүйелік топқа жататын таксондар санының азайып, олардың ареалдарының тарылуы, дарабастар санының үздіксіз азайып, біртіндеп жойылуы; биол. Регрессті жануарлар арасынан қосмекенділерден, жұпартышқаннан, ал өсімдіктерде гинкго ағашынан айқын көруге болады;
  • морфофизиологиялық Регресс — жалпы дегенерация, яғни организмдердің тіршілік қабілетінің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапайымдалуы. Мыс., саккулина шаянының крабтың денесінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты оларда ішекқуыстыларға тән дифференцияланған күрделі органдар жүйесінің жойылуы.

3) Регресс, теңіз регрессиясы (лат. regressіo — кері қозғалыс) — теңіздің жағадан (құрлықтан) шегінуі. Регресске тектоник. процестерге байланысты құрлықтың көтерілуі, мұхит түбінің төмендеуі немесе мұхит бассейндеріндегі су көлемінің азаюы (мыс., мұз басу дәуірінде) себепші болады. Регресс жер түзілу тарихының өн бойында әр түрлі аудандарда бірнеше рет болып өтті. <ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Регресс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}